A+ A A-

talgatzhan 33 Кеше, 15:50 0

Самар ауданында көшелерді жуу басталды

Бүгін / Самар

Ауданда жазғы кезеңде көше-жол желісін күтіп ұстау және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жолдарды, тротуарлар мен көпірлерді жуу қолға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазір жолдарды санитарлық тазалау бойынша мердігер ұйыммен келісімшарт жасалды. Жұмыстарды атқару үшін екі техника жұмылдырылған: аралас жол тазалау машинасы және МТЗ-82 көлігі
Апта басынан бері Бастаушы, Миролюбовка және Самарское ауылдарында көшелерді жуу жұмыстары жүргізілді.
Жобаны жүзеге асыру жолдардағы және ауадағы шаң деңгейін едәуір төмендетуге, елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив