452.91 509.43 5.53
A+ A A-

Биыл әскери шеру өте ме

Биыл әскери шеру өте ме [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Биыл Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери шеру өтпейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Биыл әскери шеру өткізу жоспарланбайды. Дегенмен 7 мамыр қарсаңында бірқатар әскери-патриоттық іс-шара басталады. Республика бойынша ерлік сабақтары, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерді құрметтеу, экологиялық акциялар өтеді. Сондай-ақ әскери оркестрлер шеруі мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі жоспарланған, — деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі агенттік сауалына.
Сонымен бірге, әскери техника мен қару-жарақ көрмесі, «Сарбаз ботқасы» науқаны мен ашық есік күндері ұйымдастырылмақ.
Аталған іс-шаралар 10 мамырға дейін жалғасады.
Еске сала кетсек, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Қарулы күштерді құру туралы № 745 Жарлығы жарияланды. Жарлықта отандық қарулы күшті қалыптастырып, ол үшін тиісті жағдай жасау керектігі айтылған. Бұл — ел тыныштығын қорғап, бейбітшілікті қамтамасыз ететін әскери қызметшілерді құттықтап, құрмет көрсететін күн.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив