Е.П. Славский жағалауы, 3 мекенжайындағы екі қабатты ғимаратты сату туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен мен Семей арасында Еріс өзені арқылы жолаушылар тасымалданған кезде бұл ғимаратта өзен вокзалы орналасқан.
Кейін ғимарат жекеменшікке өтті. Оның ішінде “Abdi” дүкені бар. Қазір ғимараттың жарнамасы әлеуметтік желілерде және хабарландыру сайттарында жарияланған. Бағасы 1 млрд теңгеден сәл асады.
Айта кету керек, 2024 жылдың қазан айында «Ертіс өзеніндегі өзен көлігін кешенді дамытудың жол картасы» қабылданды. Саланы жандандыруға шамамен 10 млрд теңге бөлінді.
«Жол картасында» өзендегі жолаушылар тасымалын жандандыру да көзделген. Жоспар бойынша Өскемен мен Семейде өзен вокзалдарын қалпына келтіру жоспарланған еді.
Пікірлер