Бұл туралы қалалық полиция басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
20 сәуірден бастап азаматтар заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыра алады.
Полиция өкілдерінің айтуынша, қару түріне қарай ақшалай сыйақы қарастырылған.
ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қаруды тапсыру үшін Қабанбай батыр көшесі, 152 мекенжайы бойынша орналасқан полиция басқармасына жүгінуге болады.
Пікірлер