A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 09:00 0

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады — Қазгидромет

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМҚ 9 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Елдің солтүстігінде, түнде батысында, солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында қар жаууы ықтимал. Тек Қазақстанның шығысында аңтициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман болып, желдің күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.

Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив