A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 10:20 0

Самар ауданындағы демалыс орындарында байланыс сапасы артады

Бүгін / Самар

Бұл туралы аудан әкімі Серік Жеңісов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, Қытайдың туристік компанияларымен өткен кездесулер нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізілді. Биыл жазда қытайлықтар Самар жағалауына бір мезетте 150-200 туристке дейін әкелуге дайын. Жақында Сарыбелдегі демалыс базаларымен туристерді орналастыру бойынша келісімшарт жасау жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Сарыбел және Новостройка жағажайларын абаттандырырп, муниципалдық жағажай мәртебесін беру көзделуде. 
Ең бастысы – Сарыбел жағалауында сапалы ұялы байланыс пен интернеттің іске қосылуы демалысты туристер үшін әлдеқайда қолайлы етеді.
Айта кетейік, өңірдегі туристік кластерді дамыту облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың ерекше бақылауында. Бұл өз кезегінде инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуға, инвестиция тартуға және туристік қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив