A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:35 0

Үлкен Нарын ауданындағы бассейн құрылысы биыл аяқталады

Бүгін / Басты / Үлкен Нарын

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Үлкен Нарын аудандарындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңір басшысы туристік ақпараттық орталық аумағын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Құны 92 млн теңгеден асатын жобаны Үлкен Нарын ауданы мәдениет және демалыс орталығы және мердігер ұйым «Нарын Строй Сервис» ЖШС іске асыруда. 

Жоба аясында 800 шаршы метр аумаққа брусчатка төсеу, саябақ шамдарын, шағын архитектуралық формаларды, атап айтқанда орындықтар, қоқыс жәшіктері, беседкалар орнату және гүлзарлар жасау жоспарланған. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ әкімнің жұмыс сапары барысында құрылысы 2021 жылы басталып, әлі аяқталмаған бассейн де қаралды. Қазіргі таңда нысан бұған дейінгі мердігермен келісімшартты бұзу жөніндегі сот процестері кезеңінде. Десе де жаңа мердігер ұйым «Элхон» ЖШС-мен меморандум жасалды. Құрылысшылар дайындық жұмыстарын бастап, қажетті құрылыс материалдарын сатып алу процесіне кірісті. Нысан биыл дайын болады деп күтілуде.

- Бұл жобалардың барлығы халықтың өмір сапасын жақсарту, туризмді дамыту және инфрақұрылымды нығайту тұрғысынан маңызды. Біз ең әуелі құрылыс мерзімдерінің сақталуына, сапа мен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына мән беруіміз керек, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдар мен мердігерлерге нақты мақсаттар мен міндеттер қойды. Олар - жобалардың іске асырылу қарқынын арттыру және объектілерді уақтылы пайдалануға беру.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив