A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:45 0

Өскеменде қоқыс тарифі қымбаттауы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату тәсілін, оның ішінде тарифті өзгерту мүмкіндігін қайта қарау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәселе қала әкімдігінің аппараттық кеңесінде қаралды. Оған тұрғындардың контейнерлік алаңдардың толып кетуі және ірі көлемді қоқыстың жиналуы жөніндегі шағымдары себеп болды. 

Жиында қоқыс шығару қаланың санитарлық жағдайына, экологиясына және тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететіні атап өтілді.

Билік бұл мәселені кешенді түрде шешуге ниетті. Жауапты қызметтерге қоқысты тұрақты түрде шығару, контейнерлік алаңдарды ретке келтіру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

- Тарифті қайта қарап, оған ірі көлемді қалдықтарды шығаруды енгізу қажет. Арнайы алаңдар салып, қоқыс шығару мерзімін нақты белгілеу қажет. Ең бастысы — пәтерлерде нақты қанша адам тұратынын көрсету. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп, нақты шаралар қабылданатын болады, - деді қала әкімі Алмат Акышов.

Сондай-ақ ол тұрғындарды тазалықты сақтауға және аулалардың, контейнерлік алаңдардың жағдайына бейжай қарамауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив