Қала әкімдігінің ақпаратынша, 11 сәуір сағат 08:00-14:00 аралығында облыс орталығының бірнеше шағынауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтарына ет пен сүт өнімдері, шұжық, нан, бал және басқа тауар түрлері қолжетімді бағада ұсыналады.
Жәрмеңкелер «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы (Жібек Жолы көшесі, 44), «Дос Нар» сауда үйі (Виноградов көшесі, 17а), «Керуен» сауда үйі (Оралхан Бөкей көшесі, 3) және Защита ауданындағы «Теміржолшылар» саябағы (Тынышпаев көшесі, 122) және «Валентина» сауда үйінің (Шаяхметов, 13) аумағында өтеді.
Пікірлер