A+ A A-

talgatzhan 72 31-10-2024, 13:43 0

Самар ауданындағы спорт мектебінде сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды

Бүгін / Самар

Анықталғандай, 10 миллион теңгеден астам бюджет қаражат «игеріліп», кейін мемлекеттік мекеме шотына қайта аударылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл туралы ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің биылғы тоғыз айдың жұмыс қорытындысы шығарылған кеңейтілген отырысында белгілі болды.
Өңірде мемлекеттік сатып алулар жүйесінде және бюджет заңнамасын орындауда бірқатар бұзушылық анықталды. Оның ішінде мемлекеттік ұйымдардың жүргізген күдікті төлемдеріне ерекше назар аударылды. 
- Самар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі тамыз айында 2,6 млн теңге сомасында 73 төлем жасады. Ал 1 қыркүйекте қаражат мекеменің шотына қайта қайтарылды. Аталған айдың соңында мұндай жағдай тағы болды. Мекеме жалпы сомасы 7,6 миллион теңгені құрайтын 27 төлем жасап, бастапқы есепшотқа тағы аударылды. Нәтижесінде спорт мектебі 10,2 миллион теңге бюджет қаражатын құжат жүзінде игерілгенімен, мақсатқа сай жұмсамады, - деді ШҚО бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Қуандық Жұмаділов. 
Оның айтуынша, мұндай жағдайлар үйреншікті тәжірибеге айналған. Әр ай сайын қазынашылық органдар бұзушылығы бар 1,5 мыңға таяу қаржы құжатын қабылдамаған. Бұл бір жағынан ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көрсетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив