444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Самар ауданында кәсіпорын жұмысшыларына тиесілі 14 млн теңге жалақы төленді

Самар ауданында кәсіпорын жұмысшыларына тиесілі 14 млн теңге жалақы төленді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында «Самар» ШЖҚ КМК қызметінде азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның 53 қызметкері ағымдағы жылдың екі айы бойы тиісті еңбекақыларын алмағаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жұмысшыларының заңды құқықтары қалпына келтірілді. Жалақы бойынша 14 млн теңгеден астам берешек толықтай өтелді.
Кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-бөлігі бойынша (Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу) жауаптылыққа тартылып, оған 129 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүддесін қорғау прокуратура органдары жұмысының басым бағыты болып қала береді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив