A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 11:15 0

Самар ауданында қоқыс шығармаған 80 адамға айыппұл салынды

Бүгін / Самар

Аудан әкімдігі мен тәртіп сақшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында тәртіпті күшейтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудандық полиция бөлімі баспасөз қызметінің ақпаратынша, «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 
- 3 стихиялық қоқыс алаңы анықталып, тиісті материалдар экологиялық департаментке жолданды. Қоғамдық орындарда 30-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 13 құқық бұзушы сот шешімімен қоғамдық жұмыстарға тартылды. Қоғамдық жұмысты орындамаған 1 азаматқа қатысты әкімшілік шара қабылданды. Сондай-ақ экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 80-ге жуық адамға ескерту жасалып, айыппұл салынды. Жергілікті полиция осыған дейін де ескерту жасаған болатын. Анықталған құқық бұзушылықтарды жою мақсатында 5 тұлғаға тиісті ұсынымдар берілді, - делінген аудандық полиция бөлімінің мәліметінде. 
Айта кетейік, жуықта облыс әкімі барлық аудан басшыларына экологиялық тазалықты сақтау бойынша нақты тапсырмалар берді. 
Самар ауданында аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оған әкімдікке қарасты мекемелердің өкілдері, жастар және аудан тұрғындары белсене қатысуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив