Оның бағыты шамамен 1500 шақырымды қамтиды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Денис Матасов Үлкен Нарын ауданындағы Новополяковка ауылында туып-өскен. 2018 жылдан бері Алтай ауданында тұрады. Ол бір жылдан астам уақыттан бері жеке блог жүргізіп, ауыл өмірі туралы бейнероликтер жариялап келеді.
Жас блогердің айтуынша, алғаш рет өз ауылы туралы түсірілген видео TikTok пен Instagram желілерінде кең таралған. Осыдан кейін ол облыстағы түрлі ауылдар туралы тұрақты түрде контент түсіруді әдетке айналдырған.
Оның парақшасында Средигорное, Александровка, Парыгино, Секисовка, Черемшанка секілді ауылдар туралы бейнероликтер жарияланған. Мұндай контент көрерменге, әсіресе туған жерінен алыста жүргендерге ерекше әсер қалдырады.
Денистің басты мақсаты — Алматы қаласына жету. Ол бұл сапарға велосипедпен шығуды жөн көрді. Сөзінше, дәл осындай жолмен саяхаттау арқылы елдің табиғатымен толық толық, жаңа жерлерді көруге болады.
Жас жігіт сапарын жұмыс арасындағы демалыс кезеңіне жоспарлаған.
Айта кетерлігі, бастапқыда оның велосипеді болмаған. Алайда өз жоспары туралы әлеуметтік желіде бөліскеннен кейін оған бір азамат велосипед сыйлаған.
Жолға Алтай-Өскемен-Семей-Аягөз-Талдықорған- Алматы бағыты бойынша шығады. Саяхатшы өзімен бірге тек ең қажетті заттарды алмақ.
Денис Матасов алғашқы ұзақ велосаяхатын 25 сәуірде бастауды жоспарлап отыр.
Пікірлер