A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 15:40 0

Өскеменде шоколад өнімдерін ұрлаған күдікті анықталды

Бүгін / Қылмыс / Өскемен

Облыс орталығында ер адам он күн бойы жергілікті шағын маркеттердің бірін тонап келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тауардың жоғалғаны бірден байқалмады. Дүкен әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап шыққаннан кейін ғана полицияға жүгінді.

– Белгілі болғандай, белгісіз біреу бір жарым аптаға жуық уақыт бойы дүкенге келіп, сөрелердегі тауарларды жасырын түрде алып шығып жүрді. 10 күн ішінде ол 80-ге жуық «Merci» кәмпит қорабын, 25 дана «Қазақстан» шоколадын, бірнеше құты кофе мен сусабындар ұрлап үлгерген. Дүкенге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 300 мың теңгені құрады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Тұрғылықты жері жоқ 33 жастағы ер адам ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив