A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:55 0

ШҚО-да Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 5 млн теңгеден төленді

Бүгін / ШҚО

Өңірде Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 5 млн теңге (10 мың АҚШ долларынан астам) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір облыста алты ардагер тұрады: бесеуі Өскеменде, біреуі Глубокое ауданында.

Жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен облыстың үш мыңнан астам тұрғыны қамтылды. 

Соғыс ардагерлерінен бөлек, басқа санаттағы азаматтарға көмек көрсетілді. Мәселен, мемлекеттік наградалармен марапатталған тыл еңбеккерлері, бұрынғы концлагерь тұтқындары, Ленинградта қоршауда болған тұрғындар, қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлері мен жұбайларына 130 мың теңгеден төленді. Ал наградасы жоқ тыл еңбеккерлері 80 мың теңгеден алды.

Сонымен қатар ардагерлер үшін санаторий-курорттық емдеу қарастырылған. Бұл мақсатқа арналған шығындар жергілікті бюджеттерде көзделген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив