A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:35 0

ШҚО-да өрт қаупіне байланысты орманға барғандарға айыппұл салынады

Бүгін / ШҚО

Өңірде өрт қаупінің күрт артуына байланысты орманға баруға шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Алғашқылардың бірі болып шектеу Риддер қаласында енгізілді. 4 мамырдан бастап жергілікті орман қоры аумағында өрт қаупінің төртінші класы белгіленген.

Осыған байланысты тұрғындар мен туристерге орманға баруға уақытша тыйым салынды. Шектеулер ауа райы тұрақталып, мол жауын-шашын түскенге дейін өз күшінде болады. 

Орманшылардың айтуынша, бұған құрғақ ауа райы мен өрттің жылдам таралу қаупінің жоғары болуы себеп. Мұндай жағдайда тіпті кішкентай оттың өзі санаулы минуттар ішінде ірі орман өртіне айналуы мүмкін.

– Өрт қаупі жоғары кезеңде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынды. Талапты бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деп хабарлады «Риддер орман шаруашылығы» КММ. 

Тыйым салынған кезеңде орманда жүргені үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК (43 250 теңге) құрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив