A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 15:30 0

Самар ауданында «Балауса-2» лагері 160 орынға дейін кеңейтілуде

Бүгін / Самар

Новостройка ауылында «Балауса-2» спорттық-сауықтыру лагерін ауқымды жаңғырту жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін лагерь бір маусымда 160 балаға дейін қабылдай алады.
Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовпен бірге нысанға барып, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 
Жұмыс сапары барысында олар лагерь аумағын, жаңа корпустарды аралап көріп, мердігер ұйыммен жобаны іске асыру мерзімі мен жұмыс сапасын талқылады.
Қазір «Балауса-2» аумағында 120 орынға арналған үш жаңа корпус салынып, лагерьдің қолданыстағы екі қабатты ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін лагерь небәрі 40 балаға есептелсе, кейін оның сыйымдылығы 60 орынға дейін ұлғайтылған еді. Жаңғырту аяқталған соң лагерь мүмкіндігі шамамен төрт есеге артады.
Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Бүгінде нысанда күн сайын 25 адам жұмыс істеуде.
Сапар барысында Серік Жеңісов лагерь инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, лагерь аумағына септик орнату мәселесін пысықтау, аумақты толық қоршаумен қамтамасыз ету, электр қуатын күшейту және трансформатор орнату мәселесін шешу тапсырылды.
Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балаларға қолайлы жағдай жасау үшін лагерь аумағында сегіз көлеңкелі шатыр орнату жоспарлануда.
Қауіпсіздік пен санитарлық талаптарды сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Мамандарға лагерьдің кеңеюін ескере отырып, медициналық оқшаулау бөлмесіне қойылатын талаптарды зерделеу және қажетті төсек-орын санын анықтау тапсырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив