A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:55 0

ШҚО-да алдағы күндері бұршақ жаууы мүмкін

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» РМҚ 28-30 мамырға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі КАZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Мамыр айының соңғы күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

— 28-29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы шығыста 15-25 градустан 20-30 градус аралығында құбылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив