Бұл туралы қала әкімі Думан Рахметқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған жоба облыс әкімдігі мен «Казцинк» компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып жатыр.
Шаһар басшысының айтуынша, қазір негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Алдағы сенбі күні мектеп ғимаратына су тартылады. Бұл жұмыстар шамамен 7–8 сағатқа созылады.
– Ең алдымен магистральдан су жүргізіліп, кейін жүйе тексеріледі. Осы жұмыстар аяқталған соң мектеп аумағын абаттандыру басталады, – деді Думан Рахметқалиев.
Сондай-ақ әкім мектепте техникалық және жылу жүйесіне қатысты мәселе туындамайтынын айтты. Оның сөзінше, мердігер «Эльхон» ЖШС барлық міндеттемені толық орындайды.
– Жұмыстар жобаға сай іске асырылады. Сондықтан ешқандай мәселе болмайды деп ойлаймын. №12 мектеп аралас мектеп болса, бұл білім ордасы толықтай қазақ тілінде оқытады. Ата-аналар да бұл шешімді қолдап отыр, – деді қала әкімі.
Мектеп директоры Еркебұлан Махтиев жаңа оқу жылында білім ордасында мұғалім тапшылығы болмайтынын жеткізді.
Пікірлер