A+ A A-

talgatzhan 77 18-11-2024, 09:30 0

18-24 қараша аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Қордаланып қалған шаруаларыңызды қазір қолға алмасаңыз, кейін тіптен қаптайды. Біреуді сынаудың қажеті жоқ, одан да өзіңіз жіберген қателіктермен жұмыс істеңіз. Аптаның екінші жартысы шығармашылықпен айналысуға қолайлы. 
Торпақ
Қолда бар ақшаңыз жетіспей, таныстарыңыздан қарыз сұрауды ойлайсыз. Сасқалақтаудың қажеті жоқ, ай бітпей бәрі қалпына келеді. Бәлкім, қосымша жұмыс іздейсіз немесе ақшаны үнемдеп жұмсау қажеттілігі туындайды.
Егіздер
Әріптестеріңізбен болатын барлық әңгімелер мен талқылаулар болашаққа сенімді қадам жасаудың бастамасы. Отбасы құрған Егіздер жуық арада өмірлік серігінен сыйлық алулары мүмкін. Жылы киініп жүріңіздер, суық ұстап қалмасын.
Шаян
Апта аяғында шешімін табуы мүмкін емес мәселеге айналған сауалдар енді әлдеқайда оңай болып көрінеді. Ет жақындарыңызбен ортақ ымыраға келіп, күрделі істерге бірлесе жоспар құрасыздар. Жұмыстағы жүктемелерді бөліп орындаңыз.
Арыстан
Бір сәт бар назарды өзіңізге аударуды ойлайсыз. Бұл үшін көпшілік жиналған жерлерге барудың қажеті жоқ, тапсырылған шаруаны мінсіз атқаруыңыздың өзі күрделі жұмыстағы қолтаңбаңызды айшықтайды.
Бикеш
Бала-шағаңыздың тәрбиесіне келгенде тәттілер беріп, қолына қымбат телефон ұсынуды азайтқан жөн. Оның зияны да мол екені белгілі. Қараша айының 25-інде жұмысыңызда бір өзгеріс болуы мүмкін: соңғы уақытта сізге деген басшылық көзқарасы ерекше.
Таразы
 Күздің қытымыр мінезі ығырыңыз бен дығырыңызды шығаруы мүмкін. Бикештердің көбі жаңбырлы ауа райын ұнатпайтындықтан табиғат аясына сирек шығады. Дегенмен осы демалыста отбасыңызбен серуендеп шығуды жоспарлап көріңіз.
Сарышаян
Әріптестеріңізбен болған келіспеушілікті бейбіт жолмен, ашық әңгіме барысында біржақты етіңіз. Ұжымдағы алауыздық кейін кесірін тигізуі мүмкін. Көлігі бар Сарышаяндарға жолда абай болғандары жөн.
Мерген
Қазір сіз үшін жұмысыңыз бірінші орында тұрады. Бәлкім, мәнсап баспалдағымен өрлеудің мүмкіндігі туғандықтан шығар. Осыған байланысты жұбайыңызбен келіспеуішілік туындауы да ғажап емес, дұрысы, жұмыстан уақтылы қайтыңыз.

Тауешкі
Қуанышты хабарлар жиілеп, оң өзгерістер байқала бастайды. Күрмеуі қиын тапсырмаларды кейінге қалдыра тұрыңыз. Қазір болашағыңызға оң әсер ететін ұсыныстар түсуі мүмкін. 
Суқұйғыш
Бойдақ болсаңыз жеке шаңырақ көтеру мәселесіне бас ауыртқаныңыз дұрыс. Сырғып өткен уақыт күн сайын өзгеріс әкелетінін ескерсек, өмірлік серігіңізді кездейсоқ жолықтыруыңыз кәдік. Бақыт құсын ұшырып алмаңыз.

Балықтар
Кейбір Балықтарды қазіргі құбылмалы ауа райы шаршатып жібереді. Жаңбыр тоқтаусыз сіркіреп, кеңседе жұмыс бітпейді. Осындай қарбалас салдарынан кейбір маңызды оқиғаларды назардан шығарып аласыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив