A+ A A-

talgatzhan 169 23-09-2024, 12:00 0

23-29 қыркүйек аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты

Ұжымда әлденеге көңіліңіз толмай тұрса, басшылыққа жасқанбай жеткізіңіз. Мүмкін, көп жүктемені азайтып, тек сол бағытта жұмыс істеуіңізге ықпал етеді. Күш-қуатыңызды сарқып алмас үшін ұрыс-керіс, дау-жанжалға араласпаған жөн.

Торпақ

Мақсатыңызғасүрінбей жеткіңіз келсе,шыншыл болуды басшылыққа алыңыз. Қашан да әділ шешім шығаратыныңызға сенімді болыңыз. Апта соңына қарай достарыңызға қоңырау шалып, қал жағдайларын біліп қойсаңыз артықтық етпес.

Егіздер

Кейінге ысыра тұрған шаруаңызды қолға алыңыз. Әралуан күрделі сауалдар туындаса сол саладан хабары бар әріптестеріңізге жүгінгеніңіз дұрыс. Ал қаржылық мәселелерді өмірлік серігіңізбен ақылдасып шешіңіз.

Шаян

Мол шабытқа ие болып, жұмысқа деген құлшынысыңыз арта түседі. Таяу күндері жүзеге асырамын деген жоспарыңыздың біршамасын орындап үлгересіз. Демалыста дүкен аралап қайтсаңыз болады.

Арыстан

Күзмезгілі есік қақса да,үйдің күйбең жұмысы әлі қордаланып тұр. Бөлмелерге әлдеқандай өзгеріс енгіземін десеңіз қыркүйектің соңғы аптасында кірісіңіз. Алайда барлығын бір өзім тындырамын деп шаршап қалмаңыз.

Бикеш

Бейсенбі,жұмакүндері екі оттың ортасында қалғандай боласыз. Оның бір себебі біреуге берген уәдеңіз аяқасты орындалмай, үшінші тарапқа өтірікші ретінде көрініп, ыңғайсыз жағдайға топ боласыз.

Таразы

Ресми һәм күрделі сұрақтар қойылса, бұл жолы өзіңіз жауап бере біліңіз. Тәуекелшіл Таразылар үшін осындай сенімді қадамдар жасау ұтымды әрекет. Көңіліңіз ауған жанмен кездесуді жоспарласаңыз қазір қолайсыз уақыт.

Сарышаян

Апта басында жұмыста да, үйіңізде де шаруа шаш етектен болмақ. Басшылық берер тапсырмасын жиі өзгертіп, соған сәйкес қадам жасау қиындап кетеді. Отбасындағы кейбір ұрыс-керістер жүйке жүйеңізге әсер етуі мүмкін.

Мерген

Қазіргі уақыт қаржыға қатысты кез келген мәселені шешуге қолайлы. Ұтымды пайдаланыңыз. Ақшаны сауатты пайдалану мен бойыңыздағы кәсіби шеберлік осыған бастамашы. Демалыс күндері саяжайға барып қайтсаңыз құба-құп.

Тауешкі

Жұлдыздар апта басында кездескен ырың-жырың тірліктен ада болуға шақырады. Бейтараптық – талай келеңсіздіктен сақтайтын басты қаруыңыз. Өзіңізді барынша жақсы сезіну ісіңіздің ілгерілеуіне де себепші.

Суқұйғыш

Қолға алуға жүрексініп жүрген тапсырмаларды орындауға тас-түйін әзірсіз. Оған қоса, жаңадан таныстық орнатып, ықпалды әріптестер табуыңыз да жасаған қадамыңызды нықтай түсті. Ендігі меже – мәнсап баспалдағымен көтерілу.

Балықтар

Балықтар уәде берсе, соны міндетті түрде орындауға тырысады. Әсіресе, әр сөзін екшеп жеткізетін жұлдызнама иелері әділдікті әрдайым басшылыққа алады. Жуырда бауыр еті балаңыз жарқын жетістігімен қуантуы бек мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив