A+ A A-

talgatzhan 34 3-03-2025, 09:25 0

3-9 наурыз аралығына арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыз жорамал

Тоқты
Ғажайыпқа сенбейтін Тоқтылар үшін жуық арада бір қуаныштың болары анық. Бәлкім, бір күнде бірнеше жерге жұмысқа шақырулары мүмкін. Қазіргі қызметінің көңіліңізден шықса, басқа жаққа барудың қажеті жоқ.


Торпақ
Сүйген адамыңызды жолықтырсаңыз, көпке жария қылмаңыз. Құпияңызды аша бермеңіз, тіпті достарыңызға ашылып сыр айтпаған дұрыс. Әр күні қарбаласпен өтетін бұрымдыларға ас-суды да талғап ішу қажет.


Егіздер
Қайда шақырса да өмірлік серігіңізді ертіп шығыңыз. Тіпті жақын маңдағы дүкенге барсаңыз да жарыңызға тәтті-дәмді алып беріп, көңілін аулаңыз. Мұның барлығы да отбасындағы ынтымақты бекіте түседі.


Шаян
Қазір ойыңызға небір жарқын идеялар келеді. Солардың барлығын іске асырғыңыз келсе рет-ретімен орындаңыз. Бұл аптада сізге жүктелген тапсырмалар аз емес, барлығына үлгеремін деп шаршап қалып жүрмеңіз.


Арыстан
Қазір әлдекім сізден бастан өткерген жағдайы бойынша кеңес сұраса, өзге біреу қарыз алуға ишарат білдіреді. Екі жағдайда да көмек беруге қауқарлысыз, тек өз қаржылық жағдайыңызды да бір түгендеп қойыңыз.


Бикеш
Бұл аптада әріптестеріңізен пікірталас өткізіп, басшылықпен алдағы жоспарды талқылап, бақталастарыңызбен білім салыстырып та үлгересіз. Алайда солардың қайсысынан көбірек пайда келетінін асықпай бағамдаңыз.


Таразы
Мәнсап баспалдағымен өрлеудің сәті түспей жүр. Оның үстіне соңғы кезде тым ашушаң болып барасыз. Ата-анаңызға аяқ асты дауыс көтеруіңіз де мүмкін, сондықтан сабыр сақтап бағыңыз.


Сарышаян
Кез келген адамның ойын оқи алатындай қабілетіңіз бар. Сүйіктіңіз әлдеқандай сыйлық күтеді, басшылық әсірекөп тапсырмалар жүктесе, дос-жаран көмек сұрайды. Оларға қолұшын бере отырып, өз жоспарыңызды да ұмытпаңыз.


Мерген
Көп кітап оқып, көкжиегіңіз біршама кеңейеді. Соған қарай жадыңызды жаулаған ойды жаңаша қорытып, әр өзгеріске философиялық көзқараспен қарайсыз. Демалыс күндері жарыңызбен мейрамханаға барып, бойжазып қайтыңыз.


Тауешкі
Бір сәтке тоқтап, жасаған қателіктеріңізді түзеп кету керек. Осының барлығын дер кезінде реттесеңіз, апта ортасында тынығып алудың сәті түседі. Қазір әр Тауешкінің ем-дәм сақтап, ескі сырқаты сыр берсе ақ халаттыларға жүгінгені жөн.


Суқұйғыш
Болып жатқан өзгерістерге таңданыспен қарайсыз. Саясат жағына бас қатырмаңыз, одан да әдебиетке ден қойыңыз. Апта соңына қарай басыңыз ауырып, бойыңызды шаршаңқылық билейді – уақтылы тамақ ішіп жүріңіз.


Балықтар
Балықтар қазір өздерін жалғыз сезінулері мүмкін. Наурыз айында туған күнін атап өткелі жүргендерге күтпеген сыйлық табыс етілуі ғажап емес. Кейде көпшілік арасында емес, оңаша қалып өткенге бір ой жүгірткен де артық етпейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив