Тоқты
Әріптестеріңіз ананы-мынаны қозғап, жұмысыңыздан қателік іздесе кикілжіңге барудың қажеті жоқ. Ондайлардың әккі әрекеттеріне көз жұма қарасаңыз, кейін бұл әрекетіңіздің пайдасы тимек. Жақындарыңызды ренжітпеуге тырысыңыз.
Торпақ
Көптен бері қордаланып қалған жұмысыңызды қазірден бастап біржақты етіңіз. Әйтпесе кейін еңсеріп тастауыңыз екіталай. Сенбі, жексенбі күндері жақсылап тынығып, ұсақ-түйек мәселелерді ойыңыздан біржола шығарып тастаңыз.
Егіздер
Басшылық тапсырған жүктемені уақтылы орындап, әр тапсырмасын жедел әрі сапалы етіп орындасаңыз әріптестеріңіздің құрметіне бөленесіз. Жұмыстан кеш шығып жатсаңыз да еш қапаланбаңыз, оның барлығы есепке алынады.
Шаян
Аяқ асты келген жаңалық өмір ағысыңызды басқа арнаға бұрып жібереді. Өмірдің өзі кейде фотоаппарат сияқты, қараған ракурсыңызға қарай құбылатын сияқты. Жақындарыңыз көмек сұраса, қолайлы уақыт тауып қолдап жібергеніңіз жөн.
Арыстан
Жұмыс әлегімен жан-жарыңызға, я болмаса сүйіктіңізге жете көңіл бөлмей жүрсіз. Кейбір күрделі сәттерде жалғыздық қамалына қамалмай, сырыңызды сыртқа шығарыңыз. Бәлкім, жақындарыңыз жаныңыздан табылады.
Бикеш
Кейбір айтқан сөздеріңіз таныстарыңызға менмендікпен сөйлегендей естілуі мүмкін. Бикештер мәдениеттілік танытса, олардың тілін тек мәдениеттілер ғана түсінеді. Егер шаршап жүрсеңіз уақтылы тынығып, ұйқыңызды қандырып жүріңіз.
Таразы
Алдағы аптада күтпеген жерден олжаға кенелесіз. Жұлдыздар солай дейді. Қосымша табыс табу туралы ұсыныс түссе, бас тартпаңыз. Мүмкін алдағы мәнсабыңызды сол салада жалғастырып қаласыз.
Сарышаян
Негізі, Сарышаяндардың көпшілігінің ақын-жазушылыққа қабілеті келе бермейді. Есесіне, олар шығармашылық адамдарына оң ықпал етуге таптырмайтын жандар. Әрбір айтқаны мотивация беріп, өмірге басқа қырынан қарауға түрткі болады.
Мерген
Кейде достарыңызды немесе сүйгеніңізді таңдау мәселесі туындайды. Жұлдыздар болашақ жарыңызды уысыңыздан шығарып алмауға кеңес береді. Әрине, көңіл күмбіріне құлақ түріп, соңғы шешім қабылдайтын өзіңіз ғана.
Тауешкі
Қазір жұмыста бар тапсырманы мүлтіксіз орындап жүрсіз. Алғырлығыңызбен жеткен жетістігіңіздің барлығын жіпке тізіп айта беруден аулақ болыңыз. Ренжісіп қалған жандармен тіл табысып көріңіз.
Суқұйғыш
Жалғыздықпен әлі дос болып жүрсеңіз өмірлік серігіңізді жолықтыруға әзір болыңыз. Ақбоз атты ханзадаңызды жолықтыру үшін жүріс-тұрысыңыз бен киім үлгісін де өзгерткініңіз жөн. Қателеспеуге тырысыңыз
Балықтар
Қандай заңғар шың болса да, біреудің көмегіне иек артпай шығуға дағдыланыңыз. Бұл өмір тамақ ішу үшін өмір сүретіндерді емес, өмір сүру үшін ауқаттанатындарды бағалайтынын жадыңыздан шығармаңыз.
Пікірлер