З қыркүйек күні облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Глубокое ауданына қарасты Уварово және Березовка ауылдарында тілдерді оқыту орталығының филиалдарын ашу салтанаты өткізілді.
Шараның мақсаты – тұрғындардың мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасау. Аталмыш шараға Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры А. Абзалова, бөлім басшысы М.Дәрменқұлов және тілді үйренуге ниет білдіруші тұрғындар қатысты. Шара соңында шеберлік сабақтары өткізілді.
Пікірлер