A+ A A-

talgatzhan 41 19-11-2024, 12:30 0

Аршаты мен Берел аралығындағы жолға қиыршық тас төселді

Катонқарағай

Катонқарағай ауданындағы Аршаты мен Берел ауылдары аралығындағы 12,8 шақырымдық жолға қиыршық тас төселіп, нығыздау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімдігі мәліметінше, келер жылы жолға орташа жөндеу жүргізуге дайындық жүргізіледі. Аталған жол бойындағы үш көпір мен құбыр да ауыстырылып, жаңартылды. Биыл бұл мақсатқа 157 млн теңге бөлінген болатын. Мердігер – «Өскемен Тәртіп» ЖШС.
– Алтай төріндегі Аршаты мен Берел ауылдары туристерді тарихымен де, табиғатымен де таңғалдырып келе жатқан өлке. Алдағы жылы «Аршаты-Берел» жолы орташа жөндеуден өткен соң екі ауыл арасы жақындай түспек. Бүгінде Өрел ауылдық округіндегі үш елді мекенде 1600 адам тұрып жатыр. Соның ішінде Аршаты ауылында 62 отбасы тұрады. Ауылда орта мектеп, медпункт бар. Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығы да осы ауылда, – делінген ақпаратта.
Республикадағы көптеген елдімекендер сияқты бір кездері екі аудан қосылып, күрмеулі мәселелер көбейген шақта Алтайдың төрі – Аршатының үйлері де азайып, халқы қалаға көшкен болатын. Енді Катонқарағай өз алдына жеке аудан болып құрылып, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмысын жақсарту жолында белсенді шаралар атқарылуда. Үш елдің шекарасында орналасқан Аршатының ажары қайта кіріп келеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив