A+ A A-

talgatzhan 43 6-01-2026, 12:40 0

Катонқарағайға бара жатып жоғалған ер адам әлі табылмады

Катонқарағай / Бүгін

Қазір Катонқарағай ауданында хабар-ошарсыз кеткен Сматов Азамат Тұрсанбекұлын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, аудандық полиция бөліміне Олжас Жүнісов есімді ер адам жүгініп, жұмысшысын табуға көмек беруді сұраған.
– 2 қаңтар күні полицияға 1979 жылы туған Азамат Сматовтың 1 қаңтарда Мойылды ауылында орналасқан шаруа қожалығынан салт атпен шығып, Катонқарағай ауылына бет алғаны, алайда осы уақытқа дейін оралмағаны туралы хабар түсті, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Қазір іздеу шаралары жүргізілуде. Жоғалған ер адам көк түсті күртеше, бас киім, қара шалбар және керзі етік киген. Өзімен бірге камуфляж түстес рюкзак болған.

Фото: ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив