A+ A A-

talgatzhan 21 27-09-2024, 11:10 0

Өскемендегі кезекші ХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істемек

Өскемен / Бүгін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы ақпаратынша, 1 қазаннан бастап Өскемендегі ХҚКО-ның кезекші мекенжайы өзгереді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұрын кезекші кесте бойынша азаматтарды Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдаған. 
– Енді кезекші ХҚКО Сәтпаев даңғылы, 34/2 мекенжайында жұмыс істейтін болады. Айта кетерлік жайт, кезекші кесте бойынша ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00 – ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде – 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды, – делінген ақпаратта.
Орталық өкілдері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы кезекшісінің мекенжайы өзгеріссіз қалғанын тағы бір еске салды: Самар тас жолы, 23. Ол дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00 – ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, әдеттегі кесте бойынша ХҚКО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив