Қараша айының 1-нен бастап Өскеменде жеміс пен көкөніс өнімдерін саудалау басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жаңа маусым аясында ұсынған дерегіне сәйкес, бағаларды тұрақтандыру бағдарламасы бойынша бакалеялы және жеміс-көкөніс өнімдері сатылып жатыр. Бакалеялы өнімді (тары, қарақұмық және т.б) жыл көлемінде сатып алуға болады, бағасы өзгермейді. Ал жеміс-көкөніс өнімдерін сату тоғыз айға есептелген: қараша мен шілденің соңына дейін. Тамыз, қазан, қараша айларында өнім жиналады. Ауыл тұрғындары мен саяжайда тұратындар өнімі қазір нарықтағы тұрақтандыру қорымен салыстырғанда да төмен. Бірақ тоғыз ай бітіп, өнімге сұраныс артып жатса, контрактакция (ауыл шаруашылығы өнімі жөнінде келісімшарт жасасу) мәселесі туындауы мүмкін. 2024-2025 жылғы маусымда «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-да 9050 тонна жеміс-көкөніс өнімдеріне контрактация жасалды. Ол қараша айының 1-нен бастап іске асырылады. Оның ішінде:
5500 тонна картоп - 130 теңгеден;
1300 тонна сәбіз - 130 теңгеден;
900 тонна пияз - 120 теңгеден;
1350 тонна қырыққабат - 120 теңгеден сатылмақ.
Мұның барлығы 2025 жылдың 1-ші мамырына дейін жүзеге асырылады. Сауда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қарасты 24 сауда павильонында жалғасады. Тағы бес сауда нүктесі өнімді сату бойынша аталған корпорациямен меморандумға отырған.
Фотосурет www.uralskweek.kz сайтынан
Пікірлер