Бірі - үлкен зал, бірі - спорт залда. Мұнда да келушілер легінің көбі орта жасқан асқандар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің алдында дауыс берушілерден сауалнама алу үшін арнайы мекеме өкілдері күтіп тұрды. Нақты айтсақ, кешенді әлеуметтік зерттеу институтының қызметкерлері. Соның бірі - Астанадан келген Мадина Темчинова. Айтуынша, экзитпол деп аталатын сауалнаманы таңдау учаскелерінен алады.
- Дауыс берген әр адамнан АЭС салу бойынша оның таңдауы туралы сұрап шығамыз. Мұнда 18 жастан асқан тұрғындардың барлығы қамтылады. Олардың ойы, бізге берген жауаптары анонимді болып қалады. Оған кепілдік береміз. Учаскелер арнайы әдістемемен таңдалады. Қалалардан бөлек, аудандар да жоспарға енген, - деді институт қызметкері.
№21 сайлау учаскесіне энергетика саласында тер төккен тұрғындар да келді. Григорий Ветров есімді зейнеткердің сөзінше, АЭС құрылысы қандай болатынын іштей бағамдап үлгерген. Референдум болады дегенде бірден дауыс беруге бекініпті.
Пікірлер