A+ A A-

talgatzhan 28 18-10-2024, 09:52 0

Өскеменде сарапшылар жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын талқылады

Өскемен

Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының «TALQYLAU» диалог алаңында «Экономика мен қоғамдағы жұмысшы мамандықтарының рөлі» тақырыбында сарапшылар мен сала мамандары бас қосты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында 2025 жылды елімізде Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын.
- Президент маңызды міндеттердің бірі - кадрлық әлеуетті нығайту туралы айтты. Елімізде негізгі салаларда мамандар жетіспеушілігі сезілуде. Сондықтанда осы мәселелерді ашық талқылап, пікір алмасу үшін біз “TALQYLAU” - диалог алаңында бас қосып отырмыз», - деді  «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.
Сарапшылар «TALQYLAU» диалог алаңында жұмысшы мамандықтардың экономика мен қоғамдағы маңыздылығын, бұл бағыттағы жұмыстарды тиімді жүзеге асыру туралы ұсыныстарын ортаға салды.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз жұмысшы мамандықтарға жыл сайын грант сандарын арттырып келеміз. Сонымен қатар оқу аяқтаған соң да жұмысқа орналасуына назар аударамыз. Келер 2025 жылды Президентіміз Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялады. Бұл осы мамандықта білім алып жатқан жастарға үлкен қолдаулар жасалады дегенді білдіреді, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек.
«AMANAT» партиясының жергілікті филиалы берген ақпарат бойынша өткізілген диалог алаңында көтерілген ұсыныстар мен сұрақтар алдағы уақытта партия назарында болып, нақты жұмыстар жүргізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив