A+ A A-

talgatzhan 41 2-10-2024, 17:50 0

Риддер жылу электр орталығында жөндеу жүргізуге 27 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған

Риддер / Бүгін

Жауапты тұлғалар мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3 млрд. теңгеге көп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімдігі ақпаратынша, Риддер ЖЭО-да барлық жоспарлы жөндеу жүргізілді. Кәсіпорын жылу беруге дайын. Қазандық агрегаттарын іске қосу және жылу желілерінде опрессовка жүргізу жоспарлануда.
- Биыл жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға және жөндеуге барлығы 27,8 млрд. теңге қарастырылған. Бұл өткен жылғыдан 5,3 млрд. теңгеге көп. Сонымен қатар, Риддерден кейін жылумен жабдықтауда елеулі проблемалар бар келесі елдімекен Жаңа Бұқтырма кенті. Осы мәселені шешу үшін кентте жылумен қамту желілерін қайта жаңартудың 1 кезеңін аяқтап, 2 кезеңін бастадық, - делінген ақпаратта.

Фотосурет Astanatv.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив