A+ A A-

talgatzhan 33 24-09-2024, 12:10 0

Самар ауданында әлі де кадр жетіспейді

Самар / Бүгін

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуларынша, Самар аудан болып құрылғанда жағдай тіпті күрделі болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыған дейінгі мәліметтерде тұрғындардың жан-жаққа көшуі аз-маз тыйылды деген ақпар айтылған болатын. Жалпы, Самар аудан болып құрылғанда әр саладағы маман тапшылығы кәдімгідей байқалған. Себебі, ауылдық округтерде мемлекеттік қызметте жүргендер бар болғанымен, барлық саланы бірден қамту мүмкін емес еді. 
- Мұндағы ең бірінші мәселе - тұрғын үй тақырыбы. Қазір бұл жағы біртіндеп шешілуде. 60 пәтерлі бес қабатты үйді қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Тиісті қаражаты бөлінген. Былтыр 12 пәтер өз иесін тапса, биыл 36 пәтер қолданысқа беріледі. Бұдан бөлек, медицинада кадр жетіспейді. Біздегі жауапты тұлғалар оңтүстік өңірлер мен университеттерде өткізілетін бос жұмыстар жәрмеңкесіне барып, маман іздейді. Жалпы, бұл тақырып медицина мен білім шеңберінде шиеленісіп тұр, - деді аудан әкімнің міндетін атқарушы Жасұлан Майкенев.
Бұл жердегі ең басты сұрақ - оларға тиісті жағдай жасау. Үйін беріп, оны ыстық, суық сумен толықтай қамту керек. 
- Қаладағы мүмкіндік мұнда да қарастырылса, жастардың келуі өздігінен шешіледі деп ойлаймыз. Биылдан бастап маман шақыруға күш салып жатырмыз. Айталық, осы жолы хирург маманы келіп, жұмысына кірісті. Келген мамандарға үй берілді және басқа да көмектерін алуда, - деді Жасұлан Майкенев.

Фотосурет Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив