A+ A A-

talgatzhan 26 6-10-2024, 18:40 0

Бозанбай ауылындағы құсбегі отбасы референдумда белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті

Ұлан / Бүгін

Саяси науқаннан қазақы болмыс пен құндылықты дәріптеп жүрген Нажитбан отбасы да шет қалмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін Бозанбай ауылындағы Нажитбан отбасы ел үшін маңызды оқиға - референдумға қатысты. Қазақстанда дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы биыл да өткізіліп жатыр. Бұл жоба қазіргі таңда халықтық мерекеге айналып, қоғамның назарын отбасылық құндылықтарды дәріптеуге аударуда. Осы жылы аудандық кезеңнің нәтижесінде Бозанбай ауылынан шыққан Нажитбан отбасы жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алған болатын. 
Нажитбан отбасы тоғыз адам бар. Отағасы Нажитбан Маркс жылдар бойы құсбегілікпен айналысып келеді. Бұл көне кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бүгінде өзі ғана емес, балалары да осы өнерді жалғастыруда. Нажитбанның жұбайы Олшан Шакерман – жеке кәсіпкер, ол «Асылай» атты туризм саласында қызмет атқарып, өз кәсібін дамытып отыр.
Отбасының үлкен қызы Маркс Ақжан «Айтас» құс фабрикасында жұмыс істейді, ал ұлы Маркс Бақмерей жекпе-жек күресінде бірнеше жүлде алып жүрген спортшы. Кенже қызы Асылы Бозанбай орта мектебінің 3-сынып оқушысы. Отбасының ортаңғы балалары – Бақжан мен Айзере бала кездерінен бастап құсбегілікке қызығушылық танытып, әкесінің жолын қуып келеді. Әсіресе Айзере бірнеше республикалық бүркітшілер байқауының жүлдегері атанып, өзінің осы саладағы шеберлігін дәлелдеді.
Бұл отбасы – отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрді дәріптеп, оларды келер ұрпаққа жеткізіп келе жатқан өнегелі жанұя. «Мерейлі отбасы» байқауындағы жеңістері – олардың қоғамдағы рөлі мен үлесін дәлелдейтін айқын мысал.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив