A+ A A-

talgatzhan 52 27-09-2024, 14:40 0

Зайсан әкімдігі басшыға ыңғайлы кресло іздеп жатыр

Зайсан / Бүгін

Мемлекеттік сатып алу құжатында жиһаз жұмсақ, экологиялық таза әрі былғарыдан жасалуы керек екендігі жазылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Лот сипаттамасына сүйенсек, кресло кеңсе үшін қажет. Жылжымалы, қажет болса биіктігін реттеп отыруға қолайлы болуы шарт. Көп емес, бір кресло. Техникалық сипаттамаға сәйкес, аудан әкімдігіндегілер бұған 60 мың теңгелерін дайындап отыр. Мұны конкурсқа шығарып отырған - аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі. Өтінімдер қазан айының 4-не дейін қабылданады.
- Креслоның ыңғайлы арқалығы шаршамай, ұзақ отыруға мүмкіндік береді. Металл жақтау 120 келіге дейінгі жүктемелерге шыдас береді. Шарт жасасқан соң 15 күн ішінде жеткізілуі тиіс, - делінген ақпаратта.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив