Бұл туралы облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 8 айды қорытындылаған жиын кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, жыл басынан бері өндірісте 60 жазатайым оқиға тіркелді, соның салдарынан 66 адам зардап шекті.
— Атап айтқанда, 8 адам қайтыс болды. 36 адам ауыр жарақат алып, 23 адам жеңіл жараланды. Үш рет топтық оқыс оқиға тіркелуінен 9 адам зардап шекті. Өндірістегі жарақат деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендеді, — деді еңбек инспекциясының мамандары.
Жазатайым оқиғадан кейін арнайы тергеу нәтижелері бойынша өңірлік полиция 59 істі өз қолына алған. Нәтижесінде, 85 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі қызметкер еңбек қызметінен шеттетілді, тағы екі қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер