A+ A A-

talgatzhan 31 17-09-2024, 18:18 0

ШҚО ғалымдары шалғайдағы Марқакөл тұрғындарымен кездесті

ШҚО / Марқакол

ШҚО ғалымдары шалғайдағы Марқакөл ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бүгін Марқакөл ауданының Мәдениет үйінде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша «Үлбі металлургия зауыты» АҚ ғылыми орталығының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Манарбек Қылышқанов пен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша докторы Назерке Қабылбекқызы аудан тұрғындарымен ақпараттық кездесу өткізді. 
 
Кездесу барысында аудан жұртшылығына атом электр станциясын салудың  маңыздылығы мен АЭС-тің жұмыс істеу қағидалары, артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді. 
 
Сарапшылар болашақта электр энергиясының тапшылығын жабу мүмкіндігі, әлеуеті  сияқты АЭС құрылысының бірқатар артықшылықтарын атап өтіп, бұл бүгінгі күннің сұранысынан туған бастама екендігін айтты.
Тұрғындар да АЭС құрылысына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив