A+ A A-

talgatzhan 29 18-09-2024, 09:29 0

Шығыс Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар саны 2 жарым есеге артып кетті

ШҚО / Бүгін

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде биыл 2526 адамға пневмония диагнозы қойылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 787, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 86, ересектер – 1653.


«Өткен жылғы сәйкес кезеңде пневмонияға шалдыққандар саны 1023 адамды құраған. Демек, биыл науқастар саны 2 жарым есеге артып отыр. Ауырғандар санының көбеюі ерте диагностика көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты», - делінген ақпаратта.


Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, биыл облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелмеген.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив