A+ A A-

talgatzhan 28 19-09-2024, 10:50 0

ШҚО тұрғындары ішімдікке ақша жұмсаудан көш бастап тұр

ШҚО / Бүгін

ҚР Ұлттық Бюро статистикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі дерегінше, қазақстандықтар жылдың екінші тоқсанында былтырмен салыстырғанда 5,5 мың теңге артық төлеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соның ішінде, шығысқазақстандықтар бәрінен көп ақша жұмсаған. Олар өткен жылмен салыстырғанда алкоголь өнімдері үшін 9,5 мың артық төлепті. Көңіл көншітпейтін статистикаға Павлодар облысы (9,5 мың теңге) мен Алматы қаласы (8,9 мың теңге) енген. Арақ-шарапқа ең аз ақша кетірген өңірлердің бірі - Қызылорда облысы. Ресми ақпаратқа сүйенсек, олар былтырмен салыстырғанда небәрі 1,2 мың теңге артық төлепті. Әрі қарай тізімде Ақтөбе (1,4 мың теңге) мен Маңғыстау (1,5 мың теңге) облыстары енген. 
Ішімдіктердің бағасы да есептеліпті. Биыл тамыздағы ақпаратқа сәйкес алкогольді ішімдіктер 0,4%-ға қымбаттады. Шарап 0,8%-ға, сыра 0,5%-ға қымбаттаса, арақ бағасы 0,2%-ға төмендеген. 
Ал аймақтарға тоқталсақ, алкоголь ішімдіктері Астанада (2,1%-ға), Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында (екеуінде де 1,8%-дан) баға басқа аймақтарға қарағанда біршама өсті. Жамбыл, Павлодар және Қостанай облыстарында баға өткен аймен бірдей. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында алкоголь бағасы арзандады. 

Фотосурет obk.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив