A+ A A-

talgatzhan 78 19-09-2024, 11:59 0

Өскеменде тіл жанашырлары марапатталды

ШҚО

Қазақстан халқы тілдері күніне орай ШҚО мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі тіл жанашырлары мен тіл саласындағы қызметкерлер марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалада мемлекеттік тілді насихаттау, патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлікті дамыту аясында «Тіл – рухани қазына» атты фестиваль өтті. Шараға облыстағы қала, аудандардан тіл саласының мамандары қатысты.
- Фестивальдің мақсаты – тілдерді дамыту саласы қызметіндегі мол тәжірибені көрсету, тілдерді оқыту мекемелерінің имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру шараларын дәріптеу. Бүгін облыс бойынша мемлекеттік тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар азамат марапатталуда. Атап айтқанда, ең үздік мемлекеттік сайт, ең үздік тілдерді оқыту директорлары, Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген оқытушылар мен ғалымдар, елдімекендердегі тіл жанашырлары мен осы саланың майталмандары марапатталады, - деді Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Мәдениетқызы.
Шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және  Жоғары Білім министрінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан  Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Тіл-Рухани қазына-2024» облыстық байқауындағы номинациялардың жеңімпаздарын, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға және оның қолданыс аясын кеңейтуге    қосқан үлестері үшін облыстық Мәдениет басқармасының Алғыс хатына ие болды.
- Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру барша қазақстандықтың парызы. Бұндай қасиетті мақсатқа жету үшін ұлттың мызғымас бірлігін сақтап, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ат салысуымыз қажет. «Тілге құрмет – елге құрмет, тіл тағдыры – ел тағдыры», деп бекер айтылмаған. Әскери салада тіл мәртебесін дәріптеуге, жастардың сауатты сөйлеуіне, тіл қадірін түсінуге біркісідей үлес қосып келеміз, - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өңірдегі департаментінің тәрбиелік, идеологиялық бөлімінің маманы, фестиваль жеңімпазы Ғалымжан Жеңісұлы.  
Сонымен қатар фестивальге келген көрермендер мен қонақтар  «Ана  тілің - арың бұл» поэтикалық композициясын,  «Тіл – рухани  қазына» тақырыптық кітап көрмесін, сазды бағдарламаларды тамашалап қайтты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив