A+ A A-

talgatzhan 38 19-09-2024, 15:13 0

ШҚО-да 42 тұрғыннан жатыр мойны обыры анықталды

ШҚО

Өңірде жыл басынан бері онкологиялық дерттің 42 жаңа жағдайы анықталған, ең жас науқастың жасы небәрі 29-да, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Маммология және онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Серік Мұхамеджановтың айтуынша, ауру анықталған жағдайлардың басым бөлігінде науқастардың денесінде HPV - 16 және 18 онкогендік штамдары кездеседі. Дәл осы штамдар жатыр мойны обырын тудырады. Дертті алдын алудың ең тиімді әдісі - вакцина салу. Онколог мамандар жатыр мойны обыры - вакцина арқылы тежеуге болатын жалғыз онкологиялық ауру екенін атап көрсетеді.
- Вакцинация жыныстық белсенділік басталғанға дейін, яғни вирус ағзаға енгенге дейін жүргізілуі тиіс. Сондықтан Қазақстанда 11 жастағы бойжеткендерге ата-аналарының келісімімен екпе жасалады. Вакцинация ДДҰ мақұлдаған және Еуропада, АҚШ-та және Австралияда кеңінен қолданылады, - деді Серік Мұхамеджанов
Ақ халаттылар әйелдерді жатыр мойны обырын ерте диагностикалау үшін үнемі скринингтен өтуге шақырады. Қазақстанда онкоскрининг бағдарламасы жұмыс істейді, соған сәйкес 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер төрт жылда бір рет онкоцитологиядан өтуі тиіс. Бұл зерттеу қатерлі ісік ауруын ғана емес, сонымен қатар обыр дертіне дейінгі жағдайларды да анықтайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив