Облыс прокуратурасында өткен жиын кезінде азаптауға қатысты ресми статистика ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО прокуратурасының 4-ші басқарма бастығы Дархан Мұстафиннің айтуынша, кейбірі кәсіби міндеттерін дұрыс атқармайды. Тергеу болып жатқан жердің көбінде бірыңғай бейнебақылау жоқ.
- Тағы бір себебі сол, көбі ведомстволық көрсеткіштерін жақсартуға тырысады. Қинаудағы мақсат - кінәсін мойындатқылары келеді. Мекеме тәртібіне бағынбағаны үшін жазалайды. Осы уақыт аралығында күш қолданған 8038 адамнан сауалнама алынды, - деді басқарма бастығы.
Сауалнамаға қатысқандардың ішінде ішкі істер департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті өкілдері бар. Дархан Қайырбекұлының сөзінше, қинау - әлсіздіктің белгісі. Ал айтылған мысалдар жауапты тұлғаларды сынау үшін емес, жағдайдың бішама күрделі екенін жеткізуге бағытталған көрінеді.
Пікірлер