ШҚО Полиция департаменті бастығының кадрлық жұмыс бағыты бойынша орынбасары лауазымына полиция полковнигі Серік Манапов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оны жеке құраммен облыстық департаменттің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков таныстырды.
Серік Тоқтарқанұлы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тумасы. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді. ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
Еңбек жолын тергеуші болып бастаған. ҚР ІІМ Өскемендегі әскери тергеу басқармасының бастығы, ШҚО ПД Тергеу басқармасының бастығы болған.
Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Күршім аудандық және Шемонаиха аудандық полиция бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарған.
Пікірлер