Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарларды бақылау үшін орнатылған фототұзақтар тексерілді.
— Алтай филиалындағы Алтай орман шаруашылығында фототұзаққа өте сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұрған қар барысы (Panthera uncia) түсіп қалды. Бұл қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау шараларының тиімділігінің дәлелі, — деп хабарлады комитеттен.
Фотосурет: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Пікірлер