«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған орта тазалығына үлес қосқысы келгендер әлеуметтік нысандар маңында да аз еңбектенген жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері облыс бойынша сенбілікке барлығы 538 мың адам қатысқан.
- Өңір тұрғындарының күш салуымен 204 саябақ пен гүлбақтарды, 323 тарихи-мәдени ескерткішті және 859 әлеуметтік нысанды тазарту жүргізілді. Елдімекендерде және орман аумағында 55 мыңнан астам көшет отырғызылды, - делінген ақпаратта.
Пікірлер