Ресми мәлімет жуықта облыс әкімдігінде өткен облыстық мәслихат сессиясы отырысы кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері мобильді операторлардың лицензиялық міндеттемелерін орындау есебінен 29 елдімекен немесе 6,9 мың адам интернетпен қамтылды.
- Осы жылдың қорытындысында барлығы 257 елдімекен немесе облыс халқының 97,5%-ы (оның ішінде 2024 жылы - 55 елдімекен немесе 11,6 мың адам) интернетпен қамтамасыз етіледі, - деді жауапты тұлғалар.
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер