Мұндай ақпаратты облыстық Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімдігінің отырысы кезінде күзгі салым бірнеше тақырып толығырақ қамтылды. ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов қыс мезгіліне дайындықты айтса, аздан соң ауыл шаруашылығы сөз етілді. Облыс әкімі Ермек Көшербаев шенеуніктерден шаруаларды қолдау мақсатында нендей көмек бар екенін сұрады.
- Қазір бізде тек Ауылшаруашылығы басқармасы бюджеті ғана емес, түрлі несиелік бағдарламалар да қарастырылған. Мұны екінші деңгейлі банктер де бере алады. Биылдан бастап бұл тізімге «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қосылды. Республикадан түскен қаржыға ие аграрлық несие корпорациясы осы уақытқа дейін 9 млрд теңге игерді, ал «Ертіс» ӘКК-ге бөлінген сома бұдан айтарлықтай көп. Қазір аталған мекеме қорында қаржы бар. Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері күзгі егін жинау кезінде қаражат алғысы келсе, «Ертіс» ӘКК-ге жүгіне алады. Олар осы ақшаға келесі жылға қам жасау үшін тыңайтқыштар сатып ала алады. Жанар-жағар май алу мүмкіндігі де бар, - деді Ажар Қажыбекова.
Фотосурет dknews.kz сайтынан
Пікірлер