Естеріңізде болса, Алтай ауданына қарасты қала тұрғындары маңайда маймақ жүр деп бірнеше рет дабыл қаққан болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың сөзінше, мұндай фактілер тіркелген. Бірақ енді ондай мәселе туындамауы тиіс.
- Ең алдымен, өлкеміздің жануарларға бай екеніне мақтануға тиіспіз деп ойлаймын. Табиғатты қорғау шараларының арқасында аю, марал, қасқыр, түлкі сияқты аңдар көбейді. Жануар болған соң табиғатты емін-еркін мекен еткені жақсы. Егер адамға қауіп төндірсе, мәселені реттеу үшін арнайы мекемелер бар. Серебрянск маңында аю бар деген соң тексеріс жүргізіліп, төңіректі салт атпен шолып қайтты. Мазаны алған аю ол жақтан кетіп қалған, - деді Ренат Тілеуханұлы.
Пікірлер