Ресми ақпаратпен жуықта өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыс әкімдігінде өткен жиында бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, қазір өңірде кәсіптік бағдарлауға басымдық беріліп жатыр. Жинақталған экономикалық қажеттілік негізінде үш университетте құзырет орталықтарын ашу жоспарланды.
– Бұл ең алдымен, әртүрлі салада қолданудың Ядролық технологиялар бойынша құзыреттілік орталығы, ауыл шаруашылығы және медицина саласындағы қолданбалы технологияларды әзірлеу бойынша Биотехнологиялық орталық. Тағы бір айта кетерлігі, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті биылдан «Атом электр станциясын пайдалану» бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды бастады, – деді Нұрымбет Аманұлы.
Әкім осылайша облыс индустриялық орталық ретінде ғана емес, жоғары технологиялық бағыттағы жобаларды жүзеге асыру алаңы ретінде де біртіндеп дамып келе жатқанын айтты.
Фото: Zakon.kz
Пікірлер