444.76 495.37 5.37
A+ A A-

Жаңбыр, қар, көктайғақ: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, қар, көктайғақ: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін, 12 қарашада еліміздің 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді.

Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын, соның ішінде қар күтіледі. Түркістан және Жамбыл облыстарында да жаңбыр мен қар жауып, таулы аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жауын-шашын, көктайғақ және тұман болжанып отыр. Қарағанды, Ұлытау және Ақмола облыстарында қар жауып, жолдарда көктайғақ қалыптасуы ықтимал.

Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Желдің екпіні кей өңірлерде секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар Жетісу, Алматы және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі жоғары сақталады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив