Облыста санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және елдімекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кезекті алдын алу шаралары барысында полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданының Қарасу ауылында абаттандыру қағидаларын бұзудың екі дерегін анықтады.
- Бірінші жағдайда 65 жастағы жергілікті тұрғын үйдің ауласынан тыс жерге тұрмыстық қалдықтарды, көң мен өсімдік қалдықтарын жинаған. Екінші жағдайда 58 жастағы азамат аула аумағынан тыс жерге күл, қоқыс және шөп қалдықтарын төккен. Екі дерекке де құқықтық баға берілді. Азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылып, әрқайсысына ескерту жасалды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Пікірлер